- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ «ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ - ТАРИХИ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ШЕҢБЕРІНДЕ «ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ - ТАРИХИ ТҰЛҒА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2024 жылдың 19 қарашасында сағат 16:00-де Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының 2-курс студенттері ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты. Дөңгелек үстел Тұрар Рысқұловты ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, көрнекті мемлекет қайраткері ретінде еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталып, қатысушылардың баяндамаларымен жалғасты.
2-курс студенті Алдибаева Диана «Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны» тақырыбында баяндама жасап, Т. Рысқұловтың өмірінің негізгі кезеңдерін атап өтті, оның қазақ халқының құқықтары мен қоғамдық институттардың дамуы үшін күресіндегі үлесін ерекше атап өтті. 2-курс студенті Хайролла Дана «Тұрар Рысқұловтың мансап жолы» тақырыбында баяндама жасап, оның кәсіби өсуінің негізгі кезеңдерін талдап, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саясатын қалыптастырудағы рөлін атап өтті.
2-курс студенті Абыт Сабина «Шерхан Мұртаза - «Қызыл жебе» романы» тақырыбында баяндама жасап, романда Тұрар Рысқұловтың тарихи жағдайлары мен тұлғасын көркемдік тұрғыдан қалай көрсететінін баяндады. Баяндама жасаушылар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, 2-курс студенті Қоңырова Гүлназ Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін оқып, қазақ халқының мақтаныш сезімін және бірлігін поэтикалық формада жеткізді. 2-курс студенттері Абыт Сабина мен Кантаева Айым «Тұрар Рысқұловтың 5 хаты» атты видео ұсынды, онда Рысқұловтың хаттары арқылы оның жеке сезімдері мен саяси көзқарастары бейнеленді, оның тұлғасы ашылды.
Сондай-ақ, 2-курс студенттері Алдибаева Диана мен Болатова Аяжан «Сталин мен Т. Рысқұловтың диалогынан үзінді» атты сахналық көрініс қойып, Рысқұловтың өз халқының мүдделерін билік алдында қорғаудағы батылдығын көрсетті. Дөңгелек үстелдің соңында қонақтар мен студенттер құттықтау сөздерін айтып, барлық қатысушылар Жарасқан Төлебаевтың «Мен қазақпын» әнін орындады.
Кафедра басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы Тұрар Рысқұловтың мемлекеттік саясат пен әлеуметтік әділеттілікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, оның прогресс пен ұлттық сананың символы болғанын айтты. Оның қызметі қазақ халқының мүдделерін қорғауға және тарихи мұрасын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, іс - шараға келушілер 2-курс кураторы К.Б. Жанатаева мен аға оқытушы Н.М. Шуиншинаға, іс - шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық студенттерге алғыс білдірді.
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының
аға оқытушылары: Жанатаева К.Б., Шуиншина Н.М.