“Тұрмыстық зорлық-зомбылық” және “Гендерлік теңдік”

22 қараша, 2024

2024 жылғы 22 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде Какишева Нұрзада Тұрсынбекқызының бастамасымен 1-курс, 104-топ студенттерімен “Тұрмыстық зорлық-зомбылық” және “Гендерлік теңдік” тақырыптарында ашық сабақ өтті. Сабақ пікірталас форматында өтіп, студенттер өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. Сабақ барысында студенттер өздері дайындаған презентациялар мен бейнероликтерді ұсынып, осы мәселелерге байланысты ситуациялық көріністер қойды. Сабақтың студенттер үшін пайдалы болғанына сенімдіміз.