ТДМ №4 "Сапалы білім"

14 қараша, 2024

2024 жылғы 14 қараша «Сапалы білім беру» Nº4 ТДМ шеңберінде
«Мемлекет және  құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты  Д.А.Тұрсынқұлова 406-шы топтың студенттерімен бірлесіп, Абай атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушылары үшін «Мектептегі зорлық-зомбылық: себептері мен алдын алу жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенттер оқушылармен бірге зорлық-зомбылық мәселелерін шешу бойынша нақты ұсыныстарды талқылады. Мұндай құбылыстардың себептерi ретiнде әлеуметтiк жағдайлар, тәрбие ерекшелiктерi мен бiлiм беру жүйесiндегi олқылықтар бөлiп көрсетiлдi.
Ашық сабақ барысында студенттер балалардың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықты болдырмау туралы маңызды ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар мектептерде қауіпсіз және жайлы орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сабақ барысында оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, бұл проблеманы тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

 «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы