2024 жылдың 18 қарашасында «4 ТДМ. Сапалы білім» мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық»кафедрасының оқытушысы Базартаева Е.Б. жетекшілігімен Құқық қорғау қызметі мамандығының 213 топ студенттері №81 мектеп гимназиясына барып, мектеп оқытушыларымен және 10 сынып оқушыларымен кездесіп “Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық мемлекетті құру негізі”тақырыбында дәріс оқып қайтты.Дәріс барысында оқушылар студенттермен сұрақ алмасып, тақырыпты талқылады.
Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің басты мақсаты – қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың заңдарды білуін, құрметтеуін және құқықтық нормаларға сәйкес әрекет етуін қалыптастыру. Бұл мақсат құқықтық жүйенің тұрақтылығын сақтауға және әділетті қоғам құруға бағытталған.
Нақтырақ айтқанда:
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру:
Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсінуін қамтамасыз ету, заңды әрекетке ынталандыру,
қоғам мүшелерінің құқықтық құндылықтарды құрметтеуін тәрбиелеу.
Құқықтық сананы дамыту: Құқық пен әділеттілік туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, құқықтық нормаларға деген сенімді нығайту, құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті нығайту: Құқықтық жүйенің беделін арттыру. Құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Адам құқықтарын қорғау: Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету.Әділеттілікті сақтау және құқық бұзушылыққа қарсы күресу.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы.