Профессор Ж. Т. Холмуминовтың іссапары
25 қараша, 2024
.png)
2024 жылғы 20 қарашада ТДМ-17 шеңберінде заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің экологиялық құқық кафедрасының профессоры, профессор Жұманазар Таштемірұлы Холмуминов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінекелді. Сапар барысында профессор Ж. Т. Холмуминов Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының, сондай-ақ заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен танысты. Ол әріптестерімен экологиялық құқықты дамытудың, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және одан әрі ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сапар Қазақстан мен Өзбекстан университеттері арасындағы академиялық байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу үшін маңызды қадам болды.