Шет тілін оқытудағы фразеологиялық бірліктер мен фразалық етістіктердің өзектілігі

21 қараша, 2024

2024 жылғы 21 қарашада түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушылары Таубаев Жарас Тұрысбекұлы және Абдуллаева Фариза Мұратбекқызы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ, РФ) ғалымдарымен «The relevance of Phaseological units and Phrasal verbs in Foreign language teaching» тақырыбында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс магистранттарымен мастеp-класс шеберлік сабағын өткізді. Ағылшын тілінің фразеологиялық жүйесінің бөлігі ретіндегі фразалық етістіктердің мәселелері талқыланды, фразалық етістік ұғымының мәні мен ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылды. Фразеологизмдердегі лингвомәдени бағыттың қазіргі кезеңі ‒ екі семиотикалық жүйенің ‒ табиғи тіл мен мәдениеттің өзара байланысының, фразеологиялық бірліктердің семантикасы мен прагматикасын кешенді зерттеудің теориялық ережелері мен әдістерін әзірлеу кезеңі туралы болжамдар мен ұсыныстар берілді.
Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы Таубаев Жарас Тұрысбекұлы, аға оқытушы Абдуллаева Фариза Мұратбекқызы және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие істері бойынша орынбасары Кудьярова Шолпан Таубаевна.