Профессор Хавьер Родриго Илларидің көшбасшылық дәрісі
2024 жылғы 22 қарашада метеорология және гидрология кафедрасында 4, 6 және 13 ТДМ жүзеге асыру шеңберінде Валенсия Политехникалық университетінің профессоры Хавьер Родриго Иллари « The importance of water resources management, land-use and waste management for the sustainable development of modern societies» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді.
Профессор қазан айының соңында Валенсияда болған су тасқынының себептері мен салдарын жан-жақты талдап, климат өзгерісінің әсерінен экстремалды жауын-шашын жиілігі мен қарқындылығының артуына баса назар аударды. Сонымен қатар, ол антропогендік факторларды, соның ішінде жерді пайдаланудың өзгеруі сияқты мәселелерді атап өтті.
Су тасқындарын бақылау, модельдеу және болжаудың заманауи тәсілдері ерекше назарға алынды. Лектор қашықтықтан зондтау, ГАЖ технологиялары және гидродинамикалық модельдер сияқты инновациялық әдістерді қаратсырып, төтенше жағдайлардың даму сценарийлерін болжауда жоғары дәлдікке қалай қол жеткізуге болатынын көрсетті.
Дәріс академиялық қауымдастықтың дамуына үлкен үлес қосып, студенттер, магистранттар және оқытушылар үшін халықаралық деңгейдегі жетекші маманмен пікір алмасуға, сондай-ақ жаңа білім алуға мүмкіндік берді.