«Экскурсиятану» пәнінен ашық сабақ
2024 жылдың 26 қараша күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Әділбай Б.С. ұйымдастырумен «Туризм» мамандығының 3 курс студенттеріне «Экскурсиятану» пәнінен «Музейде экскурсия жүргізудің ерекшеліктерін анықтау» тақырбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ форматы сайыс түрінде жүргізілді. Студенттер жеребе тарту арқылы екі топқа бөлініп, 4 кезең бойынша өз білімдерін тексеріп, бақтарын сынады. Бірінші кезеңде студенттер «Кахут» ойыны арқылы пәннен алған білімдерін еске түсіріп, екінші кезеңде мұражайға қатысты сөйлемдереден артық сөздерді тауып жаңа білімді бекіте түсті. «Сауалнама» кезеңінде студенттерге мұражай ісінің теориясы, мұражай терминдері, мұражай тарихы және Қазақстан мұражайлары тақырыптарында сұрақ-жауап өткізілді. Ал соңғы кезеңде студенттер мұражай мен экспонатты сәйкестендіру бойынша көрнекілік тапсырма орындады.
Сонымен қатар, ашық сабаққа кафедра меңгершісі – Байбуриев Р.М., кафедра меңгершусінің оқу істері, әдістемілік және тәрбие жөніндегі орынбасары – Моминов С.А. және кафедраның аға кураторы Бейсахмет А.А. келіп қатысып, сабақтың сапасына өз бағаларын берді.
Ашық сабақтан үзінді:
1) https://drive.google.com/file/d/1vTjn4bMFCJGQtuVynJZI3YlWfzKhuEN7/view
2) https://drive.google.com/file/d/1xAsrf4vXobnVOFXETQUwUq1ZGuQAdPBI/view