- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тарих ғылымдарындағы визуалды бетбұрыс: заманауи тарихшылардың бейнелерді «оқу» тәсілдері мен әдістері
Тарих ғылымдарындағы визуалды бетбұрыс: заманауи тарихшылардың бейнелерді «оқу» тәсілдері мен әдістері
2024 жылдың 29 қарашасында сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының шақырылған профессоры және Жаңа Сорбонна университетінің (Sorbonne Nouvelle — Paris) Кино және аудиовизуалды өндіріс зерттеулер институтының шақырылған зерттеушісі Васильева Виктория онлайн форматта «Тарих ғылымдарындағы визуалды бетбұрыс: заманауи тарихшылардың бейнелерді «оқу» тәсілдері мен әдістері» тақырыбында ғылыми семинар өткізеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Визуалды объект тарихи дәлел ретінде: оның ерекшелігі және зерттеуші үшін болашағы;
- Әр түрлі мәдениеттердегі көру режимдері: салыстыру мүмкіндігі;
- Адам және қоғам туралы ғылымдардағы визуалды құжаттама мәселесі.
Семинарға келесі мақаланы оқуды ұсынамын:
Соколов А. Б. Мәтін, бейне, түсіндіру: қазіргі батыс тарихнамасындағы визуалды бетбұрыс // Көрінетін тарих. ХХ ғасырдағы Ресейдің визуалды тарихының мәселелері. Мақалалар жинағы / [ред. алқасы: И. В. Нарский және т.б.].— Челябинск: Каменный пояс, 2008. (жинақ қосымшада).
Сондай-ақ, «Вьетнамдағы су қуыршақ театры» (2012) антропологиялық фильмін көруді ұсынамын:
Water Puppetry in Vietnam, 2012, 32’, USA, Vietnam, Sam Pack https://www.cultureunplugged.com/play/11053/Water-Puppetry-in-Vietnam–An-Ancient-Tradition-in-a-Modern-World
Сілтеме: Zoom конференциясы https://uw-edu-pl.zoom.us/j/96228683738?pwd=o5iRRT37hUuXm0xJItcTYqaGkz0RyC.1
Конференция идентификаторы: 962 2868 3738 Қолжетімділік коды: 395523
Уақыты: 29 қараша 2024 жыл, сағат 17:00 Алматы