Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында баяндама жасады

27 қараша, 2024

    2024 жылдың 22 қарашасында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының шығыстану мамандығының 3 курс студенттері тұрақты даму, тауарларды жауапты және орынды тұтыну мәселелеріне арналған кездесу-пікірталас ұйымдастырды.

   Студенттер «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында баяндама жасап,  ұтымды және саналы тұтынудың негізгі аспектілеріне тоқталды. Салыстырмалы талдауға негізделген баяндамада бұл мәселеге Корея мен Қазақстанда қалай қарастырлатындығы көрсетіліп, оның екі ел үшін де маңыздылығы атап өтілді. Студенттер неліктен жауапты тұтыну БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсаттарына кіретіндігін және бұл мәселенің жаһандық деңгейге қалай әсер ететінін түсіндірді. Қорытындылай келе, оны жоюдың бірнеше тиімді шешімдерін ұсынды.