«Құқықтық тәрбие» тақырыбында қонақ дәрісFarabi University

«Құқықтық тәрбие» тақырыбында қонақ дәріс

27 қараша, 2024

2024 жылғы 26 қарашада ТДМ № 16 "Бейбітшілік, әділдік және тиімді  институттар" іске асыру мақсатында Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасы 209 топ студенттеріне "құқықтық тәрбие" тақырыбына жергілікті полиция бөлімшесінің аудандық инспекторы, Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы Әлиев Алтынбай Қалданұлымен қонақ дәріс ұйымдастырды. 
Іс-шара барысында учаскелік инспектор Алиев Алтынбай Калданұлы студенттерге қазіргі қоғамдағы құқықтық тәрбиенің маңыздылығы туралы айтты. Ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу, заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Учаскелік инспектор өзінің кәсіби қызметінен практикалық мысалдармен бөлісіп, студенттердің қызығушылығын тудырып, заңды бұзудың салдарын жақсы түсінуге көмектесті.
Студенттер талқылауға белсене қатысып, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу тәртібіне қатысты сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер студенттердің заңдарға құрметпен қарауын, азаматтық жауапкершіліктерін арттыруын және құқықтық сана-сезімнің маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ықпал етеді.