М.Д.Мурзагулова басшылығымен «Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары» тақырыбында пікірталас өткізілді.

28 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР 4.) «Сапалы білім беру» бағытына сайәл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия жіне саясаттану факультеті, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы М.Д.Мурзагулова басшылығымен «Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиялары» тақырыбында пікірталас өткізілді.  

Болашақ жас маман- әлеуметтік педагог қиын балалармен жұмыс істеудің түрлі тәжірибелерімен бөлісіп, әртүрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізудің жолдарын көрсетті. Олардың арасында топтық терапия, мотивациялық әңгімелесу, арт-терапия және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған практикалық жаттығулар, тренингтер болды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттер мен педагогтарға девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің жаңа тәсілдеріне түсінік беру, сондай-ақ кәсіби деңгейде әлеуметтік педагогика саласында терең білім мен дағдыларды қалыптастыру. Қатысушылар бұл іс-шарадан көп жаңалықтар алып, болашақта девиантты мінез-құлықты балалармен тиімді жұмыс істеуге дайындықтарын арттырды.Бұл шара университетіміздің педагогика саласындағы маңызды қадамдарының бірі болып, қиын жағдайларға тап болған балаларға көмек көрсету мен әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді.