Дінтанудың өзекті мәселелеріFarabi University

Дінтанудың өзекті мәселелері

28 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстандағы дінтанудың өзекті мәселелері»  тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейірбаев, философия ғылымының докторы, профессор Нағима Байтенова мен Қалимаш Бегалинова, Қарлығаш Борбасова, теолог мамандар, сарапшылар, белгілі ғалымдар, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

Мақсат – дінтанудың бүгінгі күндегі өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, оның қоғамдағы рөлі мен әсерін сараптау. Сондай-ақ дінтану ғылымының жаңа әлеуметтік, саяси және мәдени үрдістерге сай бейімделу жолдарын қарастыру.

Конференцияда қатысушылар дінтанудың ғылыми негіздері мен жаңа көзқарастар, діндердің қоғамдағы орны мен әсері туралы өз пікірлерін ортаға салды. Әсіресе қазіргі әлемдегі көпмәдениеттілік, діндер арасындағы диалог, толеранттылық және лаңкестік сияқты құбылыстарды ескере отырып, дінтанудың қоғамдағы жаңашылдықтарға қалай жауап бере алатыны жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі