Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы Койшыбаева Гульмира Сайлаубаевна 2024 жылдың 18 мен 21 қараша аралығында Вашингтонда өткен NSLI-Y Language Teacher Training Program шет тілдер оқытушыларына арналған оқу бағдарламасына қатысып, 2024 жылдың 22-24 қараша күндері ACTFL жыл сайынғы конференциясы мен Әлем тілдері көрмесіне қатысты.
Оқыту барысында «АҚШ-та шетел тілдерін оқыту негіздері: Ұлттық стандарттар» (Foundational Principles for Foreign Language Instruction in the U.S.: National Standards and the 5 Cs), «Тілді меңгеру деңгейін бағалау» (Proficiency Assessment as a Tool for Teaching and Student Learning), «Аудиториядағы оқу үдерісін басқару» (Classroom Management Trends and Practices in the Language Classroom), «Тіл оқытудағы саралап оқытудың тиімді әдістері» (Differentiated Instruction in the Language Classroom), «Тіл сабақтарын жоспарлау» (Lesson Planning in the Language Classroom) және басқа да қызықты және өзекті тақырыптарда баяндамалар ұсынылды.
Сонымен қатар, АҚШ-тағы тіл мамандары үшін ең үлкен және маңызды іс-шара болып табылатын ACTFL Жыл сайынғы Конвенциясына және Дүниежүзілік Тілдер Көрмесіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара барлық деңгейдегі тіл білімі мамандарының және әртүрлі тіл мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара.