Теңгенің нышаны: тарих пен мәдениеттің бейнесі
Ұлттық валютамыз – теңге, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі. Оның банкноттары мен монеталары елдің тарихи мұрасы мен мәдени құндылықтарын көрсететін символикалық бейнелерге толы. Осы бағытта ТДМ-4 «Сапалы білім беру» және ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыттарына сәйкес 6В04103 Экономика ББ 2 курс студенттерімен «Теңгенің нышаны: тарих пен мәдениеттің бейнесі» атты тақырыпта студенттер арасында дөңгелек үстел өтті. Әрбір теңгелік үлгі халқымыздың бай тарихын, рухани мұрасын және ұлттық ерекшелігін паш етеді. Ұлттық валютамызда тарихи тұлғалар, яғни еліміздің тарихи тұлғаларының портреттері бейнеленген, архитектуралық ескерткіштер, яғни тарихи және мәдени нысандардың суреттері мен мәдени рәміздер, яғни ұлттық өрнектер, көшпелі мәдениеттің элементтері мен табиғат көріністері және т.б. бейнеленгендігін айтып, оларды жеке-жеке тоқталып, сипаттама берілді. Олар қазақ халқының мәдени дәстүрлерін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін және бірегейлігін көрсетеді.
Теңгенің әрбір банкноты мен монетасы – бұл ел тарихының бір бөлігі. Олар тек ақша айналымының құралы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның мәдениеті мен тарихын болашақ ұрпаққа жеткізетін құнды жәдігерлер. Ұлттық валютамыздың нышандары арқылы халқымыздың бай рухани мұрасын таныта аламыз. Теңгені мақтанышпен ұстайық, себебі ол – егемендігіміздің көрінісі, мәдениетіміздің жарқын айнасы!
Куратор Андабаева Г.К.