«Көшпенділер» трилогиясы – Ұлы даланың шежіресі
.jpg)
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – қазақ әдебиетіндегі ең айтулы шығармалардың бірі. Бұл туындыда қазақ халқының бірнеше ғасырлық тарихы, ұлт болып қалыптасу жолындағы күрестері мен ерлігі көркем тілмен бейнелен екендігін 28.11.2024 жылы 6В04103 Экономика ББ 2 курс студенттерімен 100 кітап жобасының аясында талқыладық. Трилогия ұлттық рух пен бірегейлікті дәріптейтін тарихи-эпикалық шығарма ТДМ-4 «Сапалы білім беру» және ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағыттарын жүзеге асыруға үлес қосады. Трилогия үш кітаптан тұратындығы айтылып, әр кітапта қарастырылған кезеңдер мен ерекшеліктері көрсетілді. Негізгі мазмұнында тәуелсіздік үшін күрес пен көшпелі өмір салты, ұлттық бірлік сипатталады.
«Көшпенділер» трилогиясы – ұлт тарихын, оның болмысын, ерлігі мен рухын танытатын асыл мұра. Бұл шығарма қазақ халқының жүріп өткен жолын, ұлт ретінде сақталып қалғанына қандай қиындықтар арқылы қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма болып табылатындығы айтылды.
Куратор Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

