«Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл»Farabi University

«Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл»

29 қараша, 2024

«Сапалы білім» Тұрақты даму мақсаттарына орай, 2024 жылдың 27-қарашасында медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 2-3 курс студенттерінің қатысуымен «Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл» атты факультеттік іс-шара ретінде, дөңгелек үстел өткізілді. «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 3 курс студенттері  Тұрар Рысқұловтың өмірінің тарихи мұра ретіндегі маңызы туралы,  тарихи деректері туралы презентация, баяндамалар жасады. Тұрар Рысқұлов елімізді нығайтуға көп үлес қосқан тарихи тұлға. Қиын қыстау заманда халық игілігі үшін аянбай қызмет етіп, талай игі бастамаға ұйтқы болған. Қазақтың біртуар азаматы мемлекетіміздің егемендігі үшін, түркі елінің азаттығы жолында аянбай күрескен тұлға. Материалдарды нықтау мақсатында кері байланыс ретінде, ойын түрінде сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Шараның соңында эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы меңгерушісінің оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әбілдаева Ақмарал Мұхтарқызы осы тұрғыда пікірімен бөлісіп, іс-шараға оң бағасын берді. Факультеттік іс-шараны ұйымдастырушы аға куратор Арынова Г.А. Тұрар Рысқұловтың өмірі мен еліміміз үшін жасаған еңбектері туралы іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты. Студенттер Тұрар Рысқұлов туралы білімдерінің толыққанына риза болды. Бүгінгі ұрпақ еліміздің берік, мықты ел болуына, халықтың бірлігінің сақталуына ықпалын тигізген ерен тұлға ретінде Тұрар Рысқұловты білуге міндетті.