Қараша айының 19-ы күні әдебиеттану мамандығының 3-курс студенттері қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушылары Болатова Гүлжан мен Шортанбай Шохан ұйымдастыруымен ТДМ 4. «Сапалы білім» аясында әдебиеттанушы ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлымен кездесу өтті. Дандай Ысқақұлының қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар, әсіресе әдеби сын тарихына қосқан үлесі зор. Ол қазақ әдебиетінің дамуын зерттеп, әдеби сынның теориялық мәселелерін, қалыптасу кезеңдерін жан-жақты қарастырған ғалым. Оның еңбектері әдеби сынның ғылыми негізін қалауға үлкен ықпал етті. 30-дан астам зерттеу еңбек, кітап, монография жазған ғалым қазіргі толғандырып жүрген тақырыптары мен ойларын ортаға салды. Ұлттық руханият туралы сөз қозғап, еліміздің мәдениеті, жаһандану жағдайындағы әдебиеттің болашағы туралы ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Ғалым жастардан мол үміт күтетінін, ал болашақ әдебиеттанушыларға артылар жауапкершіліктің салмақты екендігіне де арнайы тоқталды.
Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы