- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Түркі халықтарының ұлттық спорт түрлері: философиялық-мәдени қырлары мен тарихи құндылықтары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
«Түркі халықтарының ұлттық спорт түрлері: философиялық-мәдени қырлары мен тарихи құндылықтары» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Орнықты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» бағыты шеңберінде Бүкіләлемдік философия күніне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Түрік халықтарының ұлттық спорт түрлері: тарихи-танымдық бағдарлар, құндылықтар, тәжірибелер» атты халықаралық Дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Шараны Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы, Түрік халықтары философия қоғамының Қазақ комитеті ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары: Түрік халықтарындағы спорт түрлерінің генезисі мен эволюциясы: концептуалды мәселелері; Түрік-қазақ халықтарындағы ұлттық ойындар, олардың генезисі мен тәжірибелік маңызы мәдениеттанулық-философиялық талдаулар аясында; Түрік халықтарындағы ұлттық ойындар мен этноспортты қайта жаңғырту беталысының қазіргі заманғы өзекті мәселелері; Ұлттық спорт пен ойындар этнографиясының, мәдениетінің, тарихының философиялық мәселелері; Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тарихи-әлеуметтік, саяси- мәдени маңызы және перспективтік шешімдер; Ұлттық спорт пен ойындар туралы зерттеулер: шетелдік және отандық ғалымдар идеяларының дискурсы.