Тұрақты дамудың 4-ші мақсаты «Сапалы білім беру», 8-ші мақсаты «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және 17-ші мақсаты «Тұрақты даму үшін серіктестікке» сәйкес 2024 жылы 28 қарашада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнінен қонақ дәріс ұйымдастырды (жауаптылар: Скаков Ермек Жанатайұлы – әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімі басшысы, «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының оқытушысы, магистр; Молдашева Анар Куангалиқызы – «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор). Шақырылған қонақ: Керімбек Ғалымжан Есқараұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Кездесу барысында білім алушылар мен оқытушыларға қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы және оның қазіргі білім беру үдерісіндегі рөлі жөнінде кеңінен ақпараттар мен мәліметтер талқыланды. Оқытушылар мен студент жастар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Бұл іс-шара өнер саласында жүрген студенттер мен оқытушылардың қаржы саласындағы білім деңгейіне үлкен ықпал етеді деген сенімдеміз.