«Сапалы білім» ТДМ-ы аясында қытайтану кафедрасының оқытушылары ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты

28 қараша, 2024

2024 жылдың 27 қараша күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасының ашылуы салтанаты өтті. Атаулы шара аясында  «Каллиграфияны оқытуда цифрлық технологияны қолдану ерекшелігі» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Қытайтану кафедрасының бірқатар оқытушылары қатысып қайтты. Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология факультетінің деканы Таңжарықова Алуа Василийқызы жүргізді. Негізгі баяндаманы Қытай Халық Республикасынан келген қытайлық қонақтар – Цзянси ғылым – технология педагогикалық университетінің профессоры, Филология институтының директоры м.а. Чен Сюпин мен Цзянси ғылым – технология педагогикалық университетінің профессоры, Филология институты, Тіл кафедрасының меңгерушісі Ю Чао ханым жасады. Семинардың соңы тіл оқытудағы цифрлық технологияның артықшылығы мен кемшілігі туралы, жасанды интелекттің даму барысы мен ықпалы туралы талқыға ұласты. Жиын барысында Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы сөз алып, осы мәселелерге қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті.