- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ТДМ: САПАЛЫ БІЛІМ» АЯСЫНДА ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
«ТДМ: САПАЛЫ БІЛІМ» АЯСЫНДА ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
«ТДМ: сапалы білім» аясында 2024 жылғы 4 қарашадан 29 қарашаға дейін Ибн Халдун (Түркия) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессор-оқытушы құрамының ұйымдастыруымен «Қазақстанда түрік тілін оқыту» атты түрік тілі оқытушыларына арналған бір айлық біліктілікті арттыру семинары өткізілді.
Аталмыш семинар-тренинг 3 апта онлайн және 1 апта офлайн форматта өтті. Семинар ЖОО-ның оқытушыларының ақпараттық-коммуникативті технологияларды қолдану, жасанды интеллектің мүмкіндіктерімен таныстыру, түрік тілін оқыту үдерісінде студенттердің сөздік қорын байыту және тілдік дағдыларын дамыту бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар-тренингте Ибн Халдун, Стамбул, Гази (Анкара) және әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттері мен Юнус Емре институты профессорлары мен оқытушылары мазмұнды семинарлар өткізіп, түрік тілін тиімді оқытуға ықпал ететін заманауи технологиялар мен шет тілін оқытуды цифрландыру бойынша озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Аталмыш семинарға әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, біліктіліктерін арттырды.
Семинар жоғары деңгейде және өте мазмұнды өтті. Семинарға қатысушылар семинар-тренинг өткізген профессор-оқытушыларға, семинарды ұйымдастырушы Ибн Халдун (Түркия) және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессор-оқытушы құрамына алғыстарын білдірді.
Cеминардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Ибн Халдун университетінің оқытушылары Фуркан Алпат, Харун Аксу, Румейса Шишман, Мелике Нур Чеп, Мердие Мансур, Сумейра Бозкурт Кахриман, Шура Файзиев, Гүл Гөнүлташ Севинчгил және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының профессор м.а., PhD Құрманәлі Алтыншаш Арыстанбекқызы алғыс хаттармен марапатталды.
Семинар соңында біліктілікті арттыру семинарын табысты аяқтаған түрік тілі оқытушыларына 80 сағаттық халықаралық сертификат табысталды.
А.А.Құрманәлі
Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы