Студенттер еңбегі лайықты бағаландыFarabi University

Студенттер еңбегі лайықты бағаланды

24 қараша, 2024

Астана қаласында ҚР Ғылым және жо­­ғары білім министр­­лігінің Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты және «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орта­лығының ұйым­дас­тыруымен өткен «Қазақстанның 100 үздік студенті» және «Түркі халықтарының үздік студенті» рес­пуб­ликалық байқауының жеңімпаздарын мара­паттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

 

Бұл іс-шара еліміздің бі­лім мен ғылым саласындағы талантты жастарды қолдап, олардың жетістіктерін баға­лау­ға бағытталған маңызды оқиға болды. Байқау жас­тар­дың шығармашылық әлеуетін ашуға, болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосатын азаматтарды анық­тап, оларға қолдау көрсетуге арналды.

Марапаттау рәсіміне заң факультетінің аға кураторы ретінде өзім және факуль­тет­тің 2, 3, 4-курс студент­те­рінен тұратын 80-ге жуық үздік, белсенді білім алу­шы­лар қатысып, марапатқа ие болды. Студенттер оқудағы жетістіктері мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін арнайы марапаттарға ұсы­ны­лып, олардың еңбектері жо­ғары бағаланды. «Қазақ­стан­ның 100 үздік студенті» және «Түркі халықтарының үздік студенті» байқауының жеңімпаздары – болашақта еліміздің ғылыми және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосатын жас көшбас­шы­лар.

Іс-шарада универ­си­те­тіміздің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына, сондай-ақ факультетіміздің деканы Ахатов Уәлихан Ақып­­бекұлына студент­те­рі­міздің жетістіктеріне көр­сет­кен қолдауы мен сенімі үшін шынайы алғыс біл­ді­рілді. Университетіміздің басшылығы жастардың шы­ғар­машылық қабілетін, ғы­лыми ізденістерін қол­дап, оларға жаңа мүмкіндік ашу үшін әрқашан бар күш-жі­герін салып келеді.

Бұл марапаттау рәсімі – тек білім алушылардың ең­бегін бағалау ғана емес, со­нымен қатар еліміздің болашағына бағдар беретін жас мамандарды қалып­тас­ты­руға бағытталған маңыз­ды қадам. Шараның басты мақ­саты – жастардың білім­ге деген ынтасын арттыру, олар­ға өз қабілеттерін ашу­ға мүмкіндік беру. Сонымен қа­тар студенттерге түрлі ғылыми және әлеуметтік ба­ғыттарда жетістікке жету үшін қажетті қолдаулар мен ресурстарды ұсыну арқылы олардың болашақта елі­міз­дің дамуына үлкен үлес қо­суына жағдай жасау. Осын­дай құрмет пен қолдау елі­міздің барлық сала­ла­рында жастардың белсен­ді­лігі мен мүмкіндігін ашуға ық­пал етеді. Бұл өз кезе­гін­де Қазақстанның тұрақты әрі дамыған қоғам құруға деген ұмтылысын арт­ты­ра­ды.

Рысбек ТҰРЫСБЕК,

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика кафедрасының

оқытушысы