Сабағы – үздік,тәртібі – үлгіліFarabi University

Сабағы – үздік,тәртібі – үлгілі

21 қараша, 2024

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 4-курс студенті Бекмұхамет Тілеуқабылов 2021 жылы 1-курс студенті болып қабылданғаннан бастап өзінің үлгілі тәрбие­сі­мен көрініп келеді. Кафедрадағы, факультеттегі, универ­си­тет­тегі барлық іс-шараларға белсене қатысады.

Бекмұхамет сабақта, спортта, КТК-да (Көңілді тапқырлар клубы) өзін ерекше қырынан көрсетіп жүр. Тек биылғы оқу жылының өзін­де өте жақсы сабақ үлге­рімі­мен қатар, Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер мен магис­трант­тар кәсіподағының ұйым­дас­­тыруымен өткен «Сұңқар ку­богы» КТК ойындарына қатысып, жүл­делі 2-орыннан көрінді. Бек­мұхамет таяуда Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың Басқарма Тө­ра­ғасы – Ректор Жансейіт Қан­сейіт­ұлының қолынан 100 мың теңге арнайы сертификат алды. 1-курстан бергі үздік сабағы мен үлгілі тәртібін және барлық істегі белсенділігі үшін ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құнды­лық­тарды республикамыздың жастары арасында кеңінен на­си­хат­тау мақсатында өткен «Қазақ­стан­ның үздік студенті» атты рес­публикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды, І дәрежелі дип­ломмен және ҚР жастар сая­са­тының дамуына қосқан үлесі, сон­дай-ақ қоғам­дық іс-шараларға белсене қаты­сып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін «Үздік сту­дент» төсбелгісімен мара­пат­тал­ды.

Біз Бекмұхамет Тілеуқабылов­ты үлкен жетістігімен құттықтап, алар асуы мен жетістіктері көп бо­лып, еңбегіне шабыт, жаңа шығар­ма­шылық ізденістер тілейміз. Бұл Бекмұхаметтің Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерекесіне қосқан аз­даған үлесі деп білейік.

Әлім МЫЛҚАЙДАРОВ,

г.ғ.к., География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы