Қарашаның 26 күні география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының 3 курс студенттері куратор А.Ж. Сапиеваның жетекшілігімен «Туризмдегі әйелдердің рөлі» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бүгінгі күні әйелдердің туризм саласында көрсетіп отырған табысты қызметі мен шығармашылық әлеуетін талқылап, осы салада олардың рөлін жоғары бағалады. Бұл сабақ тек білім ғана емес, қоғамдағы әйелдердің теңдігі мен мүмкіндіктерін арттырудың маңыздылығын да ұқтырды.
Туризм индустриясы дамып, жаһандану үрдісі күшейген сайын, әйелдердің қоғамдық өмірге қосар үлесі артып келеді. Олар тек туристік бағыттарды дамытуға ғана емес, сонымен қатар, мәдениет, экология, білім беру, және жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға да өз ықпалын тигізуде. Аталған шара БҰҰ қабылдаған Тұрақты дамудың төртінші және бесінші мақсаттарына сәйкес келеді.