Корей тілінде «өлең оқу» - 한국 시 낭송
2024ж 25 қарашасында Алматы қаласындағы Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен Қиыр Шығыс кафедрасында (корейтану бөлімі) «Корейтану апталығы» іс-шарасы басталды. Бұл іс-шара жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Қиыр Шығыс кафедрасының жыл сайын өткізілетін ең көрнекті, әрі ауқымды іс-шарасы ретінде студенттерге «Корея және корейтану» туралы мағлұматтарды тереңірек түсінуде, дүниетанымын кеңейтуде, шығармашылық қабілетін арттыру мен жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бағытында өткізіледі. Корейтану апталығының бағдарламасы бойынша бірінші күні «Корей өлеңдерін жатқа айту байқауы» болды. Бұл шара профессор Ли Бён Джо мен 1-3 курс эдвайзерлерінің жетекшілігімен өткізілді және оған корей әдебиетіне қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Қатысушылар өздеріне ұнайтын корей өлеңдерін («Гүл», «Маусымда» т.б.) таңдап, әдемі дауыспен, шынайы сезіммен оқыды. Поэзия – қарапайым тілге қарағанда әдеби сезімталдық пен тілдік тереңдікті қажет ететін ерекше сала. Сондықтан шараға қатысушылар корей поэзиясы мен әдебиетіне бар ықыласын салды.