- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Диссертация: құрылымы және мазмұны” тақырыбында докторанттарға арналған семинар
“Диссертация: құрылымы және мазмұны” тақырыбында докторанттарға арналған семинар
2024 жылдың 28 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен “Диссертация: құрылымы және мазмұны” тақырыбында докторанттарға арналған семинар өткізілді. Семинар спикері - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМК Инновациялық-технологиялық даму бөлімінің меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор, Сатпаева Зайра Тулегеновна. Зайра Тулегеновна докторлық диссертация жоспарын құрудан қорғауға дейінгі барлық процедуралар мен негізгі тұстарды түсіндіре отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға барлық ғылыми зерттеу жүргізушілер қатысып, өзекті сұрақтар талқыланды.
Семинар докторанттар мен жас ғалымдар үшін практикалық маңызы жоғары, тағылымы мол іс-шара болды.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс арқылы ризашылықтары мен оң пікірлерімен бөлісті.