
2024 жылдың 21 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 101 топ студенттері «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д.А. жетекшілігімен сапалы білім беру тақырыбында ТДМ (4) бойынша іс-шара өткізді.
Сапалы білім – тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің дамуының негізі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Сапалы білімнің маңыздылығы тек оқу үрдісінде ғана емес, өмір бойы білім алуға деген құштарлығын арттыруда.
Мақсатымыз – жастарды сапалы білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, оқуға ынталандыру.
Білімді қоғам – салауатты қоғам!
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы