
2024 жылдың 25 қарашасында "Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы ТДМ №2 – Аштықты жою тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараға 117-топтың студенттері қатысты. Ұйымдастырушы: Турсынкулова Динара Ахановна.
Студенттер орталық мешітке барып, толық ақпарат алды және жалғыз басты әжеге көмек көрсетті. Бұл әже жалғыз өмір сүреді, себебі балалары оны тастап кеткен. Оның денсаулығы да нашар, себебі қарттық пен ауру оны қиын тұрмыстық жағдайда қалдырған.
Іс-шара барысында студенттер әжеге азық-түлік пен қажетті заттар табыстады. Сонымен қатар, жылы тілектерін айтып, шағын сыйлықтар ұсынды.
Біздің мақсатымыз – мұқтаж жандарға көмек көрсету және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге үлес қосу. Әрбір адам қамқорлық пен қолдауға лайық!
Мұндай іс-шаралар болашақ заңгерлердің кәсіби біліктілігі мен қоғамдық көзқарасына оң әсер етеді.
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жене әкімшілік құқық» кафедрасы