ТДМ 3 Жақсы денсаулық және әл-ауқат

2024 жылдың 30 қарашасында «ТДМ 3 Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Базартаева Е.Б. жетекшілігімен Құқықтану мамандығының 110-топ студенттері Медеу спорттық кешеніне «Салауатты өмір салтын ұстанайық!» тақырыбында серуен өткізді.
Бұл шараның мақсаты – денсаулықты сақтау және нығайту, сондай-ақ жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды. Серуен барысында студенттер таза ауада спорттық ойындар ойнап, дене жаттығуларымен айналысты. Сонымен қатар, қатысушылар денсаулықтың маңыздылығы туралы пікір алмасып, белсенді өмір салтын қалыптастырудың жолдарын талқылады.
Бұл шара тек денсаулықты жақсартуға ғана емес, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға да ықпал етті. Осындай игі бастамалар қоғамымыздың әл-ауқатын арттырып, салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсете түседі!
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жене әкімшілік құқық» кафедрасы