Шет тілдерін оқыту тәжірибесіндегі классикалық және жаңа әдістерFarabi University

Шет тілдерін оқыту тәжірибесіндегі классикалық және жаңа әдістер

3 желтоқсан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен үш күнге созылған “Шет тілдерін оқыту тәжірибесіндегі классикалық және жаңа әдістер” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті. Семинар барысында шет тілдерін оқытудағы жаңа әдістер мен технологиялар, сондай-ақ классикалық әдістемелердің тиімділігі мен заманауи білім беру жүйесіне ықпалы талқыланды. Семинар Анкара Қажы Байрам Вели университеті және Харьков ұлттық автомобиль-жол университетімен бірлесе өткізілді. Семинарға Әзірбайжан, Түркия, Украина, Қазақстан елдерінің оқытушылары қатысып, спикер ретінде баяндама жасады. Семинардың басты мақсаты - шет тілдерін оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу және оқытушылардың біліктілігін арттыру болып табылады.