«Гендірлік теңдік – даму жолындағы негізгі қадам»
2024 ж 29-шы қараша күні «Гендірлік теңдік стратегиясы – ерлер мен әйелдер теңдігі» тақырыбымен Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан Қытай елінен келген қандас студенттер арасында іс-шара өткізілді. Аталған іс-шарада студенттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызметтің рөлі туралы көңілде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды. Әлі де қоғамның әйел адамға көрсететін психологиялық қысымның бар екендігін, өкінішке орай, гендірлік теңсіздік тек әйелдердің мәселесі болып қалып жатқандығы туралы, қоғамда ұшырасатын гендірлік мәселелер туралы ойларын да ашық айтып, пікірталасты. Пікірлесу барысында байқалған көңілге қуаныш сыйлар бір мәселе – бүгінгі студент - олар елдің болашағы. Сондықтан олардың арасында осындай ойды тарату өте маңызды екенін аңғардық. Әрі бүгінгі жастардың көбі прогрессивті ойлайды, ойын ашық айта алады, басқа адамдардың таңдауына түсіністікпен қарайды. Қандай да бір мәселелер туындап жатса, олар ашық талқылауға тырысады. Сондықтан студенттер арасында, жастар арасында инклюзивті болудың, осындай ойларды ашық талқылау керектігі маңызды екеніне, әрі, бұл біздің қоғамымыздың дамуына оң әсерін тигізетіндігіне, осындай оймен өскен жастар - болашақта осы идеяны ары қарай жүзеге асыратынын аңғардық.