«Энергетикалық сусындардың зияны»
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «энергетикалық сусындардың зияны» туралы іс-шара өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты өскелең жас ұрпақты өз денсаулықтарын күтуді, денсаулыққа қатысты дұрыс таңдау жасауына, денсаулық мәселесінде сауаттылық деңгейлерін дамытып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында энергетикалық сусындардың құрамында кездесетін зиянды заттар, олардың адам ағзасына әсері, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпараттар ұсынылды.
Жалпы энергетикалық сусындарды әр түрлі жастағы адамдар қолданады. Оны адамның жүйке жүйесін ынталандыру үшін пайдаланады. Энергетикалық сусындарды көбіне ұйықтамай жұмыс жасап жүргендер, спортшылар, жол жүріп шаршаған жүргізушілер және емтиханға дайындалып жүрген жастар көп қолданатыны белгілі. Бірақ оның салдарына көп мән бермейтіні өкінішті. Сусындардың зияны жайлы ескерсек те, оның құрамында нақты қандай зиянды заттар бар екенін біле бермейміз. Бір өкініштісі қазіргі таңда энергетикалық сусындар денсаулыққа алаңдамауға болатындай барлық дүкендерде сатылуда.
Өткізілген іс-шара барысында энергетикалық сусындар құрамымен танысты. Сусындар құрамында қант, кофеин және басқа да бояғыш, дәмдеуіш, консерванттар болатынын анықтады. Ал бұл заттар адам ағзасында мынадай ауруларды туғызады: қант диабеті, семіздік, ұйқысыздық, мазасыздық, жүрек қан-тамырлар ауруы. Қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілеп, ритмінің бұзылуына яғни аритмия ауруына шалдығады.
Осы мәселелерді ескере отырып, сусындарды қолдануды шектеу жолдарын қарастырдық. Ең алдымен заңнамалық шектеулер қою, ата-ананың қадағалауы, мектептерде энергетикалық сусындардың зияны туралы және денсаулыққа пайдалы сусындарды тұтыну бойынша көп насихат жүргізілуі керек деп ойлаймыз.