- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық Банк күні құтты болсын! Қаржылық тұрақтылық пен өсім – әрбір мемлекеттің берік негізі!
Халықаралық Банк күні құтты болсын! Қаржылық тұрақтылық пен өсім – әрбір мемлекеттің берік негізі!

2024 жылдың 3 желтоқсанында «ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсатында «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының з.ғ.д. Калишева Н.Х. мен Базартаева Е.Б. жетекшілігімен Құқық қорғау органдары мамандығының 117-топ студенттерімен бірге Халықаралық Банк күніне орай іс-шара өткізілді.
Еліміздің ірі қаржы институттарының бірі – Халық Банкке барып, мазмұнды және әсерлі шараға қатыстық. Біздің мақсатымыз – банктің қызметімен тереңірек танысып, қаржы саласындағы білімімізді арттыру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету үдерісінің маңыздылығын түсіну болды.
Сапар барысында біз банк қызметкерлерімен сұқбаттасып, олардың күнделікті жұмыс барысындағы жауапкершілігі мен кәсібилігін байқадық. Қызметкерлер банк клиенттеріне әрқашан сапалы әрі жедел қызмет көрсетуге тырысады, бұл қаржы саласының тұрақтылығы мен дамуындағы негізгі факторлардың бірі екендігіне көз жеткіздік.
Сондай-ақ, банк қызметтерінің әртүрлілігі мен олардың қоғам өміріндегі рөлін түсіндік. Мысалы, депозиттер, несие беру, электронды төлем жүйелері және басқа да қызметтер тұрғындардың қаржылық қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.
Бұл сапар біз үшін тек теориялық білімімізді тәжірибемен ұштастыру ғана емес, сонымен қатар қаржы мекемелерінің қоғамдағы маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді. Біз Халық Банкке алғысымызды білдіреміз.
Халықаралық Банк күні құтты болсын! Қаржылық тұрақтылық пен өсім – әрбір мемлекеттің берік негізі!
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы