ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс»

03.12.2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық теориясы кафедрасының доценті, з.ғ.к. Мынбатырова Нұрлайым Канбатыровна, «Мемлекет және құқық тарихы» студенттік клубының мүшелері және 205-топ студенттері 12-ші тұрақты даму мақсаты «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағытында Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы «Ecosen» қабылдау пуктіне барды. Бұл сапардың мақсаты – қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қолдану арқылы қалдықтар көлемін едәуір қысқартуға өз үлесін қосу. Студенттер Ректорат, заң факультеті ғимараттарын аралап, қағаз қалдықтарын, бос пластик ыдыстарын жинады. Соңынан оны машинаға салып, қабылдау пуктіне апарып өткізді. Студенттер үшін бұл тәжірибе өте маңызды болды, себебі оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету, экологиялық таза өнімдерді тұтыну және оларды жауапты түрде өндіру – тұрақты даму мақсаттарының негізгі аспектілерінің бірі.