доктор Ph.D Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Си Цзиньпиннің "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі саммитке қатысты

4 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 29 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының Ph.D докторы  Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы  Қытайдың Қорғас қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы Орталық Азиямен ынтымақтастық саммитіне арнайы шақырту бойынша қатысты. Бұл саммит ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен ұйымдастырылып, аймақтық ынтымақтастық пен өзара байланысты тереңдетуге, экономика, мәдениет және білім саласындағы әлеуетті әріптестікті талқылауға бағытталды.

Саммитке Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстаннан (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Өзбекстаннан, Беларуссиядан, Қырғызстаннан, Ресейден және Қытайдан келген беделді ғалымдар қатысты. Қатысушылар инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, жасылдандыру, мәдени алмасу және тұрақты даму тақырыптарында терең талқылаулар жүргізіп, бірқатар ынтымақтастық келісімдеріне қол жеткізді.

Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы саммит барысында Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы құнды ұсыныстарын ортаға салды, әсіресе білім беру мен тіл үйрену арқылы өзара түсіністікті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл саммит «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, Орталық Азия аймағының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты.