- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу метеоалаңына және жедел метеорологиялық ақпаратты жинау мен мұрағаттау орталығына экскурсия
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу метеоалаңына және жедел метеорологиялық ақпаратты жинау мен мұрағаттау орталығына экскурсия
«Ауа ластануын бақылау» курсы аясында «Химиялық инженерия» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу метеоалаңына және жедел метеорологиялық ақпаратты жинау мен мұрағаттау орталығына экскурсия жасады. Экскурсияны аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Омарова А.С. және география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Тұрсынбаева М.О. ұйымдастырды. Іс-шара ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес (13.3 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша білім беру және ағарту) мақсатына қол жеткізуге үлес қосады.
Экскурсия барысында студенттер метеоалаңдағы жұмыс процестерімен танысты. Онда желдің жылдамдығы мен бағытын, күн радиациясын, ауа ылғалдылығы мен температурасын өлшеу жүргізіледі. Сонымен қатар, студенттер алынған деректерді өңдеу және метеорологиялық болжамдарды жасау процестерімен танысты. Алған білімдері студенттерге метеорологиялық жағдайлардың ауа сапасын бағалаудағы маңыздылығын және атмосферадағы ластаушы заттардың концентрацияларын бақылау жабдықтарымен метеопараметрлерді өлшеу құралдарын біріктіру қажеттілігін көрсетті.
Экскурсияны ұйымдастырғаны үшін география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы, PhD М.О. Тұрсынбаеваға алғысымызды білдіреміз.