Vardan Galstyan профессордың сапары

16 қараша, 2024

19.10.2024-15.11.2024 аралығында химия және химиялық технология факультеті, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында Institute of Materials for Electronics and Magnetism, National Research Council of Italy (CNR-IMEM), Italy  келген Vardan Galstyan профессордың сапары өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды  шақыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім», №9 — «Инновация және инфрақұрылым», №17 — «Серіктестік мақсаттарға қол жеткізу үшін» мақсаттарына сәйкес келеді, себебі ол білім беру сапасын арттыруға, зерттеулерді дамытуға және ғылым мен инновация саласындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған.

Сапар барысында:

  • Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілді, олардың нәтижесінде гранттық қаржыландыруға ғылыми жоба ұсынылды.
  • Магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар үшін мастер-класстар ұйымдастырылып, өзекті ғылыми бағыттар мен заманауи зерттеу әдістері талқыланды.
  • Шетелдік профессордың қатысуымен халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін жаңа идеялар мен серіктестік мүмкіндіктері қарастырылды.

Осындай іс-шаралар университеттің ғылыми және білім беру әлеуетін арттыруға ықпал етіп, студенттер мен жас ғалымдарға әлемдік деңгейдегі тәжірибе алуға мүмкіндік береді.