«Тең құқықтар - тең мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу.Farabi University

«Тең құқықтар - тең мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу.

4 желтоқсан, 2024

ТДМ № 5 «Гендерлік теңдік»  жүзеге асыру аясында 2024 жылы 4 желтоқсанда азаматтық құқық және  азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының бастауымен 209 топ студенттері «Тең құқықтар - тең мүмкіндіктер» тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында студенттер қазіргі қоғамда гендерлік теңдікке қол жеткізудің маңыздылығын, сондай-ақ осы мақсатты ілгерілетудегі жастардың рөлін талқылады. Негiзгi назар бiлiм беру, еңбек қатынастары және отбасы өмiрi сияқты өмiрдiң әртүрлi салаларындағы кемсiтушiлiк, стереотиптер мен теңсiздiк проблемаларына аударылды.
Кездесуге қатысушылар белсенді пікір алмасып, нақты өмірден мысалдар келтірді, сондай-ақ орын алған тосқауылдарды еңсеру жолдарын бірлесіп іздеді. Бұдан басқа, гендерлік теңдіктің құқықтық аспектілері, соның ішінде әйелдердің құқықтарын қорғауға және баршаға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық және мемлекеттік нормативтік актілер қаралды.
Талқылауда кәсіби бағдарлау және еңбек нарығындағы мүмкіндіктердің теңдігі тақырыбы ерекше орын алды.
Кездесу соңында барлық қатысушылар осындай іс-шараларды жалғастыруға ниет білдіріп, олардың неғұрлым әділ және тең құқылы қоғамды қалыптастыру үшін маңыздылығын атап өтті.