Халықаралық тренерлердің қатысуымен Салауатты өмір салты туралы Тренинг
2024 жылғы 27 қарашада ЭжБЖМ 201 конференц-залында «Бизнес-технология» кафедрасының PhD докторанттары Л.М. Ибраева, Ж.Б. Елешова, А.К. Анарханжетекшілігімен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру: Жанның, Дененің, Рухтың тазалығы» тақырыбындастуденттер үшін бірегей тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг қонақтары ретінде "Оperation Mercy" Халықаралық тренерлері Гүлмира Баймұратқызы мен Марта Себасе сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен және денекүтімі, психикалық денсаулық және рухани дамудыңмаңыздылығы туралы білімдерімен бөлісті. Сондай-ақ, шараға қазақ-түрік Жоғары гуманитарлық-технологиялықколледжінің шетелдік студенттері Шахин Сабина Гюльшен, Сойсал Осман Талха, Каримли Хиджран қатысып, салауатты өмір салтына өздерінің мәдени көзқарастарытуралы айтып, қатысушыларды белсенді және саналы өмірсалтына шабыттандырды.
Тренингке қатысушыларға физикалық, психикалықжәне рухани Денсаулық арасындағы байланысты тереңіректүсінуге көмектесетін интерактивті дәрістер, практикалықжаттығулар мен пікірталастар кірді.
Қатысушылар тренинг оларды денсаулықтынығайтудағы жаңа қадамдарға шабыттандырғанын жәнеөздерін түсінуде жаңа көкжиектер ашқанын атап өтті.
Іс-шара ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында өткізілді. Тұрақты дамудың негізгі элементі-салауатты өмір салтын ұстану және кез-келген жастағы кез-келген адамның әл-ауқатына ықпал ету.