«Алматы қаласының экологиялық жағдайы» атты дөңгелек үстел
2024 жылдың 3 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУФилософия және саясаттану факультетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында білім сапасын тұрақты даму мақсатында«Алматы қаласының экологиялық жағдайы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға ғалымдар және кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер, докторанттар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы М.Амирканов «Педагогика және білім беру менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Н.С.Алгожаеваны, кафедра оқытушылары А.Қ.Дүйсенбаев, Э.Т.Баярыстанова, сондай-ақ Қонаев университетінің профессоры М.А.Садықов, факультетте оқып жатқан 4 курс студенттеріне іс-шараның мақсатымен таныстырып, баяндамашыларға сөз берді.
Шараның ашылуында сөйлеген сөзінде педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Нұрсұлу Алгожаева әсем қала Алматының экологиялық проблемасы туралы айтып, дөңгелек үстелдің мақсаты – жастарға саналы түрде қоршаған орта мәселелерін түсіндіру және оларды экологияның маңызды мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға баулу керектігін атап өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар Педагогика және білім беру менеджменті кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет пен халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары А.Қ.Дүйсенбаев, кафедраның аға кураторы Э.Т.Баярыстанова және «Педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика» бағдарламасы бойынша білім алушыдокторанттары Амирканов М., Алдан А., Сейдулла Г., Казахбаева Г.
Дөңгелек үстелде Салыбай Балжан «Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбиені қалыптастыру» орта білім беруден бастау керектігін айтса, Жұмабаева Алуаның «Климаттың өзгеруі және Алматы қаласының экологиялық болашағы» деген проблемалық зерттеуі студенттерге үлкен ой салды, ал Ибатолла Нұр «Аспан астындағы қала: Алматыны смогтан қалай құтқарамыз?» деген баяндамасын таныстырып, өзекті проблеманың маңызын ашып көрсетті.
Дөңгелек үстел барысында профессор Садықов Мұрат Абдықасымұлы Алматы шаһарының экологиялық туризмнің жастар үшін мүмкіндіктері мен пайдасына жан-жақты тоқталды.
Дөңгелек үстелде қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, дөңгелек үстел тартымды өтті. Дөңгелек үстел жұмысын педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы меңгерушісінің ғылым және инновациялар жөніндегі орынбасары А.Қ.Дүйсенбаев қорытындылап жастарға экологияны бірге қорғау керектігін баса айтып, іс-шараға қатысушыларға алғысын білдірді.