ТДМ-16: «І Халықаралық Түркі дүниесі жастары» форумының қатысушылары «Аю-Сай» шатқалына бардыFarabi University

ТДМ-16: «І Халықаралық Түркі дүниесі жастары» форумының қатысушылары «Аю-Сай» шатқалына барды

23 қараша, 2024

Университетімізде ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткен «І Халықаралық Түркі дүниесі жастар» форумының қатысушылары 23 қараша күні қаламыздағы туристік орындардың бірі саналатын, ттауда орналасқан «Аю-Сай» шатқалына барды.

Шет мемлекеттен келген форум қатысушылар мен еріктілік қызмет атқарған студенттеріміз тау ішінде орналасқан «Аю-Сай» сарқырамасын тамашалап, таудың таза ауасымен демалып, қызықты уақыт өткізді. Таудағы салқын да таза ауа қонақтарымызға ерекше көңіл күй сыйлады. Санаулы күннің ішінде арада орнаған  жып-жылы қарым-қатынас автобус пен тау ішінде әсем дауыста хормен әндетуден, естелік суретке түсуден ерекше көрініп тұрды.
«І Халықаралық Түркі дүниесі жастары» форумы барлық қатысушыларымыз үшін өте жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар жастық шақтың тағы бір кезеңі әдемі де жақсы естелікпен толықты.