- Басты бет
- Жаңалықтар
- Бүкіләлемдік философия күніне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ: ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР» атты халықаралық Дөңгелек үстел мәжілісі Әл Фараби атындағы кітапханада болып өтті
Бүкіләлемдік философия күніне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ: ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР» атты халықаралық Дөңгелек үстел мәжілісі Әл Фараби атындағы кітапханада болып өтті

2024 жылдың 30 қарашасында Бүкіләлемдік философия күніне, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ: ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ БАҒДАРЛАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР» атты халықаралық Дөңгелек үстел мәжілісі Әл Фараби атындағы кітапханада болып өтті.
Дөңгелек столды ұйымдастырушылар Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы, Түрік халықтары философия қоғамының Қазақ комитеті. Дөңгелек столға қатыссушылар арасында қазақстандық ғалымдармен қатар, өзбекстан, қырғыз, италядан, англиядан баяндамалар болды. Дөңгелек столға көп студенттер, магистранттар, докторанттар қатысып өздері үшін отырыстың маңызды болғанын атап өтті.
Дөңгелек столда оқылған баяндамаларда Түркі халықтарының философиялық танымдары жан-жақты және зерттеуге қажетті өзекті мәселелерін қамтыды, мысалы баяндамаларда «Түрік философиясының ерекшеліктері», «Қазақ халқының ұлттық ойындарындағы тәрбиелік философия», «Көшпенділердің ұлттық ойындары», «Түрік халықтарының спорттық ойындарындағы сахналық көркемдік пластика өнері» т.б. бағыттарда мазмұнды баяндамалар жасалынды. Осы дөңгелек стол отырысына университеттің дене тәрбиесі және спорт кафедрасы үлкен қызығушылық танытып қатысты, профессор, п.ғ.д. Алимханов Елемес «Қазақ халқының ұлттық ойындарындағы тәрбиелік философия» атты баяндама оқыды, ұлттық ойындар мазмұнындағы философиялық деректерден көптеген мысалдар келтірді.
Басқа жаңалықтар


