«Толеранттылықтың үш тұжырымдамасы»  атты ашық дәріс

4 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 4 желтоқсан сағат 10:00-12.00 аралығында Шығыстану факультетінің үлкен залында БҰҰ бекіткен «17 тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті философия ғылымдарының докторы Қ.М. Борбасова және «Исламтану» ББ докторанты Ә.Б. Мұқан ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары Сапалы білім беру бағыты бойынша Канзас Мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Джон Махонейдің «Толеранттылықтың үш тұжырымдамасы»  атты ашық дәрісін ұйымдастырды.  

Дәріске дінтану және мәдениеттану мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары қатысты. Дәріс барысында толеранттылық туралы ойлаудың үш түрлі әдісі талқыланды. Профессор Д.Махонейге тақырып аясында сұрақтар қойылды, студенттер де өз пікірлерімен бөлісті.