- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Үздік нысана» атты Университет аралық турнирдің жеңімпаздарының марапаттау рәсімі
«Үздік нысана» атты Университет аралық турнирдің жеңімпаздарының марапаттау рәсімі

«Үздік нысана» атты Университет аралық турнирдің жеңімпаздарының марапаттау рәсімі
2024 жылғы 28 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Құқықтану факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған «Үздік нысана» атты Университетаралық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Турнир 2024 жылдың 28 қазанынан 9 қарашасына дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының Арнайы оқу орталығының ату клубында өткізілді.
Жарысқа келесі университеттердің студенттері қатысты:
* Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
* Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,
* Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті,
* “Тұран” университеті,
* Қонаев университеті,
* Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалы,
* Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар табысталды.
Басқа жаңалықтар

