- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызының философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы
Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызының философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы

2024 жылдың 4 желтоқсанында Сандыбаева Сандуғаш Қалжанқызының «Биологиялық белсенді қоспаларды алу үшін маңызды пигменттерді өндіргіш цианобактериялардың потенциалды штамдарын бөліп алу және скрининг жүргізу» тақырыбында «8D05105- Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны алдын-ала қорғауы өтті.
Диссертациялық жұмыста биологиялық белсенді қоспаларды алу үшін құнды пигменттердің продуценті болып табылатын белсенді цианобактерия штамдарын термалды су көздерінен бөлу және зерттеу нәтижелері қарастырылған.
Зерттеу нәтижесінде алғаш рет Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы елді мекені ыстық су көздеріндегі фототрофты микроорганизмдердің альгологиялық құрамы мен әртүрлілігі зерттелді. Нәтижесінде цианобактериялардың 8 аксеникалық дақылы бөлініп, олардың морфологиялық-дақылдық қасиеттері анықталды. Бөлінген дақылдардың өнімділігі мен олардың клеткасында биоактивті заттардың (ақуыздар, липидтер, май қышқылдары және т.б.) жинақтау деңгейі бойынша скрининг жүргізілді. Таңдалып алынған Oscillatoria subbrevis CZS 2201, Phormidium ambiguum CZS 2205, Nostoc calcicola TSZ 2203 және Synechococcus sp. CZS 2204 белсенді штаммдарының клеткалық пигменттік құрамына, соның ішінде екіншілік каротиноидтарға, сапалық және сандық талдау жүргізілді. Бірінші рет лабораториялық зерттеулер негізінде Oscillatoria subbrevis CZS 2201 цианобактерия биомассасынан тазалығы кемінде 93% болатын гликозилденген каротиноид – миксоксантофилл пигменті бөліп алынды.
Биотехнология кафедрасы
Басқа жаңалықтар

