- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Хоккайдо университетінде халықаралық тағылымдамадан өтуде
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Хоккайдо университетінде халықаралық тағылымдамадан өтуде
Б.ғ.к., профессор Инелова З.А. және PhD Рысмагамбетова А.А. Хоккайдо университетінде (Саппоро қ., Жапония) халықаралық тағылымдамадан өтуде. Тағылымдаманың мақсаты – Жапония университеттерінің (Хоккайдо университеті және Ракуно Гакуен университеті) Жерді қашықтықтан зондтау, қоршаған ортаны бақылау және су ресурстары саласындағы тәжірибесін зерттеу.
Хоккайдо университеті Жапонияның ең үздік университеттерінің бірі болып табылады, International Association of Universities (IAU), OpenCourseWare Consortium (OCW) мүшелігіне ие. QS халықаралық рейтингісі бойынша университет Әлемде 173 орында және QS by Subject бойынша 77 орында. Тағылымдама «Ресурстарды басқару» зертханасында өтуде. Хоккайдо университетінің Жерді қашықтықтан зондтау және қоршаған ортаны бақылау технологиясын қолданудың ғылыми-зерттеу тәжірибесі зерттелуде. Антропогендік фактордың әсеріне ұшыраған өңірлердегі экологиялық жай-күйдің тәуекелдерін бағалау үшін практикалық жұмыстар өтуде.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасы ТДМ 6 «Су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету», ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бастамасының міндетттерін шешуді қамтиды.