«Ауыл аманаты – таза өнім кепілі»

5 желтоқсан, 2024

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасында “Қолданбалы қазақ тілі” мамандығының 1-курс студенттерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстел «Ауыл аманаты – таза өнім кепілі» тақырыбында өтті. Шараның мақсаты – ауыл шаруашылығының маңыздылығы мен экологиялық таза өнім өндіру мәселелерін талқылау, жастарды ауылдың құндылықтарын құрметтеуге баулу. Дөңгелек үстелде студенттер таза өнімнің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға пайдасын, ауылдық жерлердің ұлттық экономиканы дамытудағы рөлін талдап, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара қызықты пікірталастар мен болашаққа бағытталған ұсыныстармен аяқталды.