"Мәдениет және гендерлік саясат”

Жаңа Қазақстан идеясы аясында білім беру жүйесін жетілдіру, оның сапасын арттыру арқылы зияткерлік әлеуеті жоғары, саналы және жауапты жастарды тәрбиелеуде, «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын әртүрлі іс-шаралар өткізуде. «ТДМ 5. Гендерлік теңдік» аясында 2024 жылдың 4 желтоқсанда тәжірбие жетекшісі PhD, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева мен филология ғылымдарының докторы, аға оқытушы Г.Ж. Болатованың жетекшілігімен “8D02310 - Инновациялық әдебиеттану” мамандығының 1 курс докторанты Н.А. Жеткерген “Мәдениет және гендерлік саясат” тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатында Нұршат студенттерге гендерлік саясат төңірегінде ақпарат берді. Және мәдениетке қатысты тұсын сабаққа қатысқан студенттер қамтып, әдемі топтық жұмыс жасалынды. Студенттер өзіміздің мәдениетімізге жарасымда болатын домбырамен күй тартып, әдебиетімізді де қалыс қалдырмай өздері шығарған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Тәрбие сағатынан студенттер гендерлік саясат жөнінде тек ақпарат алмасып қоймай, өтілген шарадан көңілдері сергіп, бірленіп шыққанын айтты.
Басқа жаңалықтар

