- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кедейлікті, теңсіздікті, экологиялық қатерлерді азайтудағы дін мақсаттары» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел
«Кедейлікті, теңсіздікті, экологиялық қатерлерді азайтудағы дін мақсаттары» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел
2024 жылдың 4-ші желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» мақсаттарына сәйкес «Кедейлікті, теңсіздікті, экологиялық қатерлерді азайтудағы дін мақсаттары» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өткізілді. Мұндай маңызды іс-шараны «дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессорлары Қ.М. Борбасова, М.Р. Балтымова, Н.Ж. Байтенова, К.М. Бишманов, аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзат жетекшілігімен, «дінтану және мәдениеттану» кафедрасының «Исламтану», «Дінтану» ББ 1 курс докторанттарымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел Ауезов ауданы комьюнити-орталығында өткізілді.
Іс-шараға ҚазҰУ-нің «Әлеуметтік педагогика», «Дінтану» мен «Исламтану» мамандығының 1 және 2 курс магистранттары мен аталған мекеме резиденттері белсене қатысты.
Іс-шара спикері жастар комьюнити-орталығының басшысы Маханбет Бауыржан діндердің қоғамдағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешудегі маңызды рөліне тоқталды. Ол жастардың арасында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, экологиялық тұрақтылықты сақтау және қоғамда бірлік орнату мақсатында діндердің ықпалы мен күшін дұрыс пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Бауыржан мырза жергілікті қауымдастықтар мен жастардың белсенділігін арттырудың маңыздылығын, сол арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің жолдарын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар тұрақты даму мен діндердің этикалық құндылықтарының өзара байланысы туралы пікір алмасты, қоғамның түрлі топтары арасында бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы ықпалы туралы маңызды ойлар мен ұсыныстар айтылды. Іс-шара дін мен экология, әлеуметтік теңдік мәселелерін жан-жақты талқылауға және осы бағытта нақты әрекет етуге бағытталды.